• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:09:38
Алматы
+35°

Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев қайтыс болды. Бұл мәліметті министрліктегілер растады.

Өлімнің себебі әзірге нақты айтылмады. Ведомство өкілдері кейінірек мәлімет беруге уәде берді.

Бақыт Құрманбаев қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне 2019 жылдың сәуірінде тағайындалған.

Ол 1970 жылы 21 қыркүйекте Өскемен қаласында дүниеге келген.

1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетін бітірген.

2005 жылы РФ құрлық әскерлерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери академиясында білім алды. 2008 жылы Ресей Федерациясы ҚК Бас штабының Әскери академиясының жоғары академиялық курстарынан өтті.

Әр жылдары физика пәнінің мұғалімі, қорғаныс министрлігінің штаб бастықтары комитеті департаментінің басқарма бастығы болып жұмыс істеді.

ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған. Генерал-майор шені болған.

Марқұмның артында әйелі, екі баласы қалды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір