14 Шілде, 2020 NEWS
Getty
"Ұлыбритания АҚШ-Жапония бірлескен әскери жаттығуларын қолдау үшін соғыс кемелерін жібермек. Өйткені Қытаймен шиеленіс күшейе түсті" деп мәлімдеді The Times газеті. Бұл туралы Қамшы тілшісі хабарлайды.
The Times басылымының хабарлауынша, Ұлыбританияның жаңа әскери ұшақтар тасымалдаушы құны 3 миллиард фунт стерлингтік кемесі және жойғыш ұшақтары Оңтүстік Қытай теңізіне жіберілмек.
Соғыс ұшақтарын тасымалдаушылар өзге әскери кемелермен бірге барады. Әскери тасымалдаушылар екі "45-типті жойғыш ұшағы" және екі "фрегаттың" сүйемелдеуімен жолға шығады. Оған қоса тағы екі жойғыштың баратыны хабарланды.
The Times басылымының ақпаратынша, бұл агрессивті Қытайға қарсы тұру үшін жасалған.
Бұған дейін Оңтүстік Қытай теңізінде АҚШ пен Қытай әскери күштері бір уақытта жаттығу өткізіп жатқаны хабарланған. Қытай шілденің басында Паракель аралдары маңына соғыс кемелерін жіберген. Кейінірек, Вашингтон да Паракель аралдары маңына әскери ұшақтар тасымалдаушыларын жіберді. АҚШ оған қоса, ядролық бомлалаушысын да жөнелткен.
Ал қытайлық Глобал Таймс басылымы Бейжіңнің "киллер зымырандары" АҚШ соғыс ұшақтарын тасымалдаушыларға соққы беретінін ескерткен.
Әскери сарапшылар екі елдің көптеген жойғыштары мен кемелерінің өте жақын қашықтықта жаттығу өткізуі әскери қақтығыс қаупін күшейтетінін мәлімдеген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір