• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:01:39
Алматы
+35°
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов тікелей эфир барысында стационарлар толы болса, дәрі-дәрмек қоры 1 айға жететінін атап өтті.
 
Емдеу мекемелерінде 155 мың бірлік ыстық түсіретін дәрі, 35 мың вирусқа қарсы препарат пен 314 мың антибиотик бар.
 
Қала мен аудандардағы еркін дәріхана желілерінде ыстық түсіретін 79,3 мың қаптама, 2,6 мың вирусқа қарсы препарат пен 15,6 мың антибиотик қаптамасы бар.
 
Президенттің тапсырмасы бойынша өңірде 5 шілде күні дәріханалардағы ыстық түсіретін дәрілердің бағасын бақылау және емдік препараттарды заңсыз саудалайтындардың жолын кесу мақсатында рейд жүргізілді. Мобильді топтың құрамында әкімдік өкілдері, құқық қорғау органдары мен журналистер болды.
 
Өңірдегі дәрі-дәрмек тапшылығының алдын алу мақсатында әкімдіктер дәріханалармен және толайым бағамен жеткізушілермен келісімшартқа отырды. Енді бір қолға ыстық түсіретін екі қаптама ғана сатылады. Дәрінің бұл мөлшері суық тиюді жазуға септігін тигізеді.
 
Жедел шара кезінде полиция қызметкерлері үйде заңсыз дәрі сатқан Өскемен тұрғынын қолға түсірді. Мұндай жағдай Риддерде тіркелді.
 
Дәрі бағасының өсуі туралы ақпаратты 8(7232) 61-81-00 колл-орталығына немесе "Шығыс Адалдық алаңының" WhatsApp желісіндегі +7 (778) 474-69-35 нөміріне хабарласып айтуға болады.
 
ШҚО Ақпарат орталығы
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ШҚО дәрі-дәрмек қоры

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір