• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 06:18:32
Алматы
+35°

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі елде өткен тәулікте 1759 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады.

Ведомство жариялаған соңғы дерекке сай, елде вирус жұқтырғандар саны 63 мыңнан асты. Олардың 38 мыңнан астамы жазылды. Осы уақытқа дейін 375 адам коронавирустан қайтыс болды. 

Коронавирусқа байланысты әлем елдерінің статистикасын жариялап отыратын Worldometers.info сайтының 15 шілдедегі дергінше, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны жөнінен дүниежүзінде бір саты жоғарылып, 30-орынға тұрақтады. Тізімде 29-орында тұрған Белорусьте жұқтырғандар саны Қазақстанмен шамалас. 

Өлім бойынша да, жұқтырғандар саны жөнінен де АҚШ әлі көш бастап тұр. Елде індетке шалдыққандар сыны үш жарым миллионнан асты, 139 мыңнан аса адам өлді. 

Worldometers.info сайтының соңғы мәліметіне сай, дүниежізінде 13,5 миллионға жуық адамға Covid-19 жұққан. Өлгендер саны 580 мыңның үстінде. 

 

 



 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір