• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:19:46
Алматы
+35°

Қазақстандық нейрохирург дәрігер Мыңжылқы Бердіқожаевтың айтуынша, Қазақстандағы ПЦР тесттерінің дұрыстығы 20 пайыздан да төмен. Ол бұл ақпаратты журналист Нартай Аралбаймен болған сұхбатта мәлімдеді.

Қазақстандағы ПЦР тесттерінің дәлдігі өте төмен екенін жеткізген нейрохирург шілденің басында ғана 415 пневмония дерегі анықталғанын айтты.

– 25 маусымнан 5 шілдеге дейін 415 пневмония анықталған. Оның шамамен 20 пайызын ғана коронавирустың ПЦР-і дәлелдеп отыр. Қалған 80 пайызы ПЦР-да дәлелденбеген, бірақ компьютер және рентген бойынша ол жерде коронавирусқа тән өзгерістер бар. Ол дегеніміз, егер 100 пайызды алатын болсақ, оның ішінде тек қана 20 пайызында коронавирустық пневмония анықталып отыр, – деді дәрігер.

Коронавирустың қазақстандық штамы пайда болғанын айтқан нейрохирург оны тестпен анықтау мүмкін емес екенін жеткізді. Оның себебі ретінде, вирус мутацияға ұшырағаны немесе тесттік жүйе қате жұмыс істейтіні айтылды. Оған қоса, маман коронавирус тесттерін өткізуді тоқтату керектігін мәлімдеді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қазақстан ПЦР

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір