• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 08:06:20
Алматы
+35°

Әлеуметтік желіде Батыс Қазақстан облысында ауыл өртеніп жатыр делінген видео тарап жатыр. Өрт Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Коловертное ауылы маңында найзағай түсуі салдарынан шыққаны белгілі болды.

Жалын салдарынан ауылдағы екі үй мен бірнеше ауыл шаруашылығы нысаны өртеніп кеткен.

Видеодан "Тоғайдан басталды. Бүкіл ауыл толығымен өртенді. Құжаттарды жинап жатырмыз" деген ауыл тұрғындарының сөзін естуге болады.

Облыстық төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, өрт найзағай түсуінің салдарынан басталған. Оқиға 13 шілдеде болған. Алдымен орман, артынан құрғақ шөп пен бұта өртенген. Ауданда өрттің бірнеше ошағы тіркелді. Қызыл жалынды ауыздықтау үшін оқиға орнына Атыраудан "Қазавиақұтқару" АҚ-ның МИ-884 тікұшағы мен арнайы құрам жіберілген. Жалынды 40 градустық аптап ыстық пен жел ушықтырған.

"Шағатай және Ақсоғым ауылдарының маңында құрғақ шөп пен бұталар өртенді. 16.00-де қатты желдің салдарынан өрт Орал өзені арқылы Коловертное ауылына тарады. Мұнда өзеннің ені шамамен 100 метр.

Қолда бар дерек бойынша, 5 гектар жер өртенген. Сондай-ақ екі үй мен 4 ауыл шаруашылығы нысаны өртеніп кетті. Екі үйдің біреуінде ғана адамдар тұрған. 42 тұрғын, 15 ірі қара мал, 25 ұсақ мал және 30 құс қауіпсіз жерге көшірілді" делінген  облыстық Төтенше жағдай департаменті таратқан хабарламада.

Өртті сөндіруге 93 адам мен 11 техника жұмылдырылды. Өрт әлі күнге дейін сөндіріліп жатыр.

Округке келген шығын көлемін анықтау үшін арнайы комиссия құрылады.

– Менің 30 жыл тұрған үйім қирады. Өрт Жайық өзенінің арғы бетіне тарап кетті. Онда орман өртенді. Қазіргі таңда ауыл тұрғындарына көмек көрсетіліп жатыр, –  дейді Коловертное ауылының тұрғыны Василий Соболев.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: өрт орал жалын

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір