• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:06:05
Алматы
+35°

Қазақстандық нейрохирург дәрігер Мыңжылқы Бердіқожаев Қазақстанда бес жүз мың адамның коронавирус жұқтырғанын айтты. Ол бұл ақпаратты журналист Нартай Аралбаймен сұхбат барысында мәлімдеді.

Қазақстандағы коронавирус жайындағы қате ақпараттарға ПЦР тесттері дәлдігінің өте төмендігі себеп болғанын жеткізген нейрохирург шілденің басында ғана 415 пневмония анықталғанын айтты.

– 25 маусымнан 5 шілдеге дейін 415 пневмония анықталған. Оның шамамен 20 пайызы, одан да төмен пайызында ғана біз коронавирустың ПЦР-ін дәлелдеп отырмыз. Қалған 80 пайызы ПЦР дәлелденбеген, бірақ компьютер және рентген бойынша ол жерде коронавирусқа тән өзгерістер бар. Ол дегеніміз егер 100 пайызды алатын болсақ, оның ішінде тек қана 20 пайызында коронавирустық пневмония анықталып отыр, – деді дәрігер сұхбатта.

Журналистің "сонда сіздің сөзіңізше, қазір 150 мың пневмониямен анықталған адам бар?" деген сұрағына нейрохирург одан да асып кеткенін айтты.

–  Жарты миллионға жетіп қалған шығар. Ол былай ғой, коронавирустың 80 пайызы сиптомсыз немесе жеңіл түрде өтеді немесе орташа түрде өтеді. Қалған 15-20 пайызы ауыр түрде өтеді. Қайтыс болып жатқан немесе ауруханаға түсіп қалып жатқандар ауыр немесе орташа түрдегі науқастар. Енді қолыңыздағы тұрған цифрларды жай соның процентіне көбейте бересіз ғой. Пропорциямен....Ол шындық. Ешкім коронавирустың бар екенін мойындамайды, – деді маман.

Бердіқожаев сұхбатта өткен жылы 60 мың, ал 2020 жылы шілденің бір аптасында ғана 60 мың адам пневмонияға шалдыққанын мәлімдеді.

Журналистің "оны министрлік неге мойындамайды" деген сұрағына "министрлік мойындаған шығар, бірақ олардың өздерінің бір алгоритмдері бар ғой" деп жауап берді.

Дәрігер коронавирустың қазақстандық штамы пайда болғанын, оны тестпен анықтау мүмкін еместігін де жариялады. Оның себебі ретінде вирус мутацияға ұшырағанын немесе тесттік жүйе қате жұмыс істейтінін мәлімдеді. Сондықтан тест өткізуді тоқтату керектігі де айтылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір