• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:25:14
Алматы
+35°

Қытайдан гуманитарлық көмек ретінде келген медициналық маскаларға короновирус инфекциясы жұқтырылған деген WhatsApp желісінде тарап жатқан ақпарат жалған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтер сапасы және қауіпсіздігін бақылау комитеті мәлімдеді.

Бұдан бөлек, ведомства өзге мемлекеттерден келген медициналық өнімдер мен дәрілік құралдардың барлығы да белгіленген талаптар бойынша толық тексерістен өтетінін айтты.

Жалған ақпарат таратқандар Қылмыстық кодекстің 274-бабы (Көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша қылмыстық жауапқа тартылатын болады.


"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: маска қытай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір