• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:49:25
Алматы
+35°

Пандемия кезінде шетелде қалған қазақстандықтарды, гуманитарлық көмек көрсетті жеткізумен айналысқан ұшқыш Болат Серікбаев қайтыс болды. Бұл туралы zhaloby_astana сайты хабарлады.

Болат Мұсаұлы "SCAT" әуе компаниясында жұмыс істеген.

"SCAT әуе компаниясы үшін қаралы қаза. Серікбаев Болат Мұсаұлы қауіпті індетпен күресте қайтыс болды. Ол өз саласының нағыз кәсіпқойы. Boeing-757 және Boeing-767 әуе кемелерінің 38 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар командирі болды. Гуманитарлық жүктерді жеткізу және отандастарымызды отанына қайтару бойынша рейстерді орындауға белсене қатысқан. Ол қиын-қыстау сәтте барлығына көмек көрсетті. Болат Мұсаұлы қызметіне жауапты, үлкен құрметке ие маман болды. Біз жақындарымызбен бірге қайғырып, көңіл айтамыз" делінген әуе компаниясы таратқан хабарламада.

Бұған дейін қауіпті індеттен Қазақстан қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары – Әмірбек Төгісов, Қазақстанның президенттігіне үміткер болған – Жақсыбай Базылбаев, Ақтөбе қаласында инфекциялық аурухананың бас дәрігері – Қалихан Қозбағаров, Алматы облысы әкімінің орынбасары – Серікжан Бескемпіров, сонымен қатар Алматы облысының Бас мемлекеттік санитар дәрігері – Қайрат Баймұхамбет қайтыс болған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір