• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:08:05
Алматы
+35°

Кеше, 15 шілде күні Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхаметов қайтыс болды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Facebook парақшасында жазды. 

57 жастағы Айтмұхаметовтың өліміне коронавирус себеп. Бұл ақпаратты Қазақстан қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев хабарлады.

“Өкінішке қарай, коронавирус құрбандары күн сайын артып келеді. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Ақмола облысының бұрынғы әкімі және Астана қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қосман Қайыртайұлы Айтмұхаметов өмірден өтті. Мен онымен астана әкімдігінде бірге жұмыс істеп едім” деп жазды Исекешов Facebook парақшасында.

 

Қосман Айтмұхаметов 1963 жылы 29 тамызда Ақмола облысы Бестөбе ауылында дүниеге келген. Ақмола инженерлік құрылыс институтын “инженер-механик” мамандығы бойынша (1986 жыл), Қазақ гуманитарлық заң университетін “заңгер” мамандығы бойынша (2006 жыл) тәмамдаған.

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып 2019 жылдың ақпанында тағайындалған. Оған дейін бес жылға жуық Астана қаласы әкімінің орынбасары болған.

Бұған дейін де Қазақстанда бірнеше шенеунік коронавирус және пневмония ауруынан қайтыс болған. Олардың арасында қорғаныс вице-министрі Бақыт Құрманбаев, Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Гүлжазира Алдашева бар.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір