16 Шілде, 2020 NEWS
Көрнекі сурет
Үндістан коронавирус жағдайларының өршуіне байланысты, 375 миллион адамды қайта карантиге алды. Бұл туралы Қамшы тілшісі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Жергілікті денсаулық сақтау қызметкерлерінің ақпаратынша, бүгінде COVID-19 жұқтырғандар 906 752-ден 936181-ге дейін көбейіп, миллион адамға жақындаған.
Қазір АҚШ пен Бразилияда коронавируспен ауырғандар саны миллионнан асқан.
Үндістанда індеттен көз жұмғандар саны 23 727-ден 24 309-ға дейін көбейген. Қайғылы оқиғалардың жартысына жуығы Мумбай қаласы орналасқан Махараштра штатында болған.
Бас министрдің орынбасары Сушил Кумар Моди: "Барлық қалалық муниципалитеттер, аудандық штаб, блок штаб локдаунда болады. Коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмек немесе вакцина жоқ. Біз бетімізді маскамен, қол орамалмен немесе сүлгімен жауып жүруіміз керек" деп мәлімдеген.
Тек қажет заттарды сататын дүкендерді ашуға болатыны айтылған және төтенше жағдай туындамаса, көлік тасымалдарына тыйым салынған.
Мемлекеттік мекемелер мен ғибадат орындары қайтадан жабылып, билік адамдарға қажет болмаса үйде болуды бұйырған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір