The Times газетінің мәліметі бойынша, Эквадордан Қытайға импортталған бір қорапша мұздатылған асшаяндардан коронавирус табылған. Оқиғаға байланысты Қытай шамамен 23 компанияға тыйым салған.

Қытайдың жалпы кеден әкімшілігінің азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі директоры Би Кэшин импортталатын азық-түліктің 200 000-нан астам сынамасын сынақтан өткізгенін айтқан. Олардың ішінде Эквадордың алты асшаянынан COVID-19 анықталған.

– Шетелде пандемия тез дамып келеді, әсіресе кейбір елдерде (қызметкерлер) қайта қалыпты жұмысқа шыққаннан кейін, тізбектік инфекция қаупі артты, – деген Қытай шенеунігі. 

Сондай-ақ Қытайда АҚШ, Бразилия және Германияның компанияларына санкция салынған.

Британиялық кейбір компаниялар да өз еркімен азық-түлік экспортын тоқтатқан.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір