• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:14:42
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіру міндеттелгенін хабарлады. Бұл туралы ол Twitter парақшасында жазды. 

"Үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіру міндеттелді. Азаматтардың денсаулығы мен өміріне коронавирустан бөлек, өкпе қабынуы да үлкен зардабын тигізіп отыр" делінген президент жазбасында.

Сонымен қатар елдегі пандемия ахуалы туралы қоғам барлығын білуі тиіс екенін атап өтті.

"Пандемия ахуалы туралы барлық ақпарат қанша жерден ащы болса да, оны қоғам білуге тиіс. Жариялылық пен өзара сенім болғанда ғана, біз бірлесе отырып бұл індетті тезірек жеңеміз" деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Соңғы ресми ақпаратқа сәйкес, елде коронавирусқа шалдыққандар саны 66 895 адамға жетіп отыр. Осы уақытқа дейін олардың 39 066-ы ауруынан жазылып шықты. Ал 375 адам індеттен көз жұмды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: тоқаев пандемия

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір