• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 09:52:30
Алматы
+35°
Атырау облысының тұрғыны, журналист Тәуірбек Бозекен әлеуметтік желідегі парақшасында Атырауды улап жатқан үш ошақ туралы жазды. 
 
"Өз боғын өзі жеген Атырау.
Бүгін Атырау облысы экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Ерлан Жәдігерұлы, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасыры Нұргүл Сүгірбайқызы, сондай ақ арнайы эколог мамандармен бірлесіп Атыраудың ауасын тексеріп қайттық. Арнайы жұмыстар кешкі 11:00-ден түнгі сағат 3:00-ге дейін созылды.
Бірден айтайын! Атырау қаласы өлім аузында тұр. Бұл жерде кінә, экологтарда емес екен. Бүгін соған, нақты көзім жетті. Олар да мен сияқты "Атырауым..." деп шырылдап жүрген жандар. Керек десеңіз "Тәуірбек жүр! Көзіңмен көрші, жазшы осыны..." деп мені жетектеп алып шықты. Олардың да қолы байлаулы. Мәселе басқада. Оны айтпаса да белгілі.
Қаланы улап жатқан негізгі ҮШ ошақ бар.
? Бірінші! Әрине, мұнай компаниялары. Департамент өндіріс орындарына тек айыппұл салумен ғана шектеліп жүр. Ал оларға ақшаны төлеп тастау 5 секунд. Экологтар "біз олардың жұмысын тоқтата алмай жатырмыз!" дейді. Өйткені Қазақстанның аузына су тамызып отырған осылар. Бірақ түнде білдіртпей тұншықтырып жатыр. Соңғы уақытта ауаны ластаушыларды қолға түсіру тіпті қиындап кеткен. Заң нормасына сәйкес экологтар мұнай компанияларына бірнеше күн бұрын "Біз сіздерді тексеруге барамыз!" деп хат жіберу керек екен. Оған жауап алып, тексеруге жетем дегенше компания өкілдері айналасын жылан жалағандай етіп қояды. Ал экологтардың өндіріс ошағына баса-көктеп кіріп баруға құзіреттілігі жетпейді. Міне, мәселе қайда жатыр?! Қазір мұнайлы аймақта бірінші санаттағы қауіпті кәсіпорындар саны 147-ден асқанын, тағы ұмытпаңыз!
? Екінші. Қаладан шыққан тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған полигон. Өткен ғасырдың 70-ші жылдары құрылған полигон экологиялық талаптарға мүлде сай емес. Түнгі сағат екілер шамасында қасына бардық. Ыстың иісі тұрғызбады. Ол иіс желдің ықпалымен қалаға барып тұнады. Ал оның құрамындағы күкіртсутегі әдеттегі нормадан 100 есе көп. (сенбесеңіз, төмендегі видеоны көріңіз) Қазір қалаға жаңа полигон керек. Ол елді-мекеннен алыс жерге салынуы тиіс. Облыстық әкімдік осымен жұмыстанып жатыр екен. Бірақ ол қашан, қай уақытта бітеді, белгісіз. "Әзірге шыдамдылық танытып, өліп қалмай күкіртті жұта тұрыңдар" дейді.
? Үшінші. Қаланың екі жақ шетінде орналасқан қалдық суларды төгетін булану алаңы. Бұрын кәріз суы булану алаңына жеткенше тазартудың толық сатысынан өтпейтін еді. Қазір мүлде өтпейді екен. Яғни, үйіңізден шыққан қалдық су (боқ су) булану алаңына барып тап солайымен төгіледі. Одан бөлінген сасық иіс, күкіртсутегі қалаға келеді. Сіз оны жұтасыз. "Өз боғын өзі жеген" деген сөз бізге қарата айтылған ғой. Ехх... Ал қаладағы булану алаңы 1978 жылы салынып, содан бері бірде бір рет күрделі жөндеуден өтпеген екен.
Міне, "Ақшасы көп, уайымы жоқ, қарыны тоқ" деп ойлап жүрген Атыраудың сыйқы осы" делінген жазбада. 
 
 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: атырау улау күкірт

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір