18 Шілде, 2020 NEWS

"Гүлшара Әбдіхалықова мынаған не дейсің? Полиция халықты малша сүйреп жатыр" (видео)

Видеодан алынған

"Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықова жолды жауып тастады" деп желіде видео таратқан көпбалалы ана Сандуғаш Тұрлыбекова тағы да бір видео жариялады.
 
Видеоны Facebook желісіне жүктеген Тұрлыбекова бейнежазба өзіне WhatsApp желісі арқылы келгенін жазды.  
 
"Ал Гүлшара Әбдіхалықова енді мынаған не дер екенсің, мынау Қызылорда қаласында болып жатыр. Левый берегте тұратын қарапайым халықты полиция сүйрелеп жатыр. Анау кішкентай баланы талып қалса да малша сүйреді. Осындай масқараның арасында қалай әкім болып отырсың? Полиция болса болды, сүйреу керек па? Егер кінәлі болса, оқиға орнында мал құсатып сала ма? Видеоға қарасаң, бір түсінбеушілік бар. Қызылорда қаласының әкімі Нәлібеав па? Департамент басшысы ма, әлде Ханның қызы Гүлшара ма, кім тапсырма берді мына жағдайға. Халық сендерге мал ма сүйрейтін? Мына жердегі оқиғаға жауап беріңдер. Не боп жатыр? Қызылорда халқы ватцаптан жіберді. Нақты жауаптарыңды онлайн күтеміз" делінген Сандуғаш Тұрлыбекова жазбасында. 
 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір