• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:05:17
Алматы
+35°

COVID-19-ға қатысты сұрақ-жауаптар: 

Көп мөлшерде су ішу коронавирустан жазылуға көмектесе ме?

Суды көп ішу коронавирусты немесе ауруды жоятынына және асқазан қышқылы вирусын өлтіретініне ешқандай дәлел жоқ. Дегенмен, денсаулықты сақтау үшін, бұл ұсынылады. Адамдардың денсаулығы үшін және сусызданудың алдын алу үшін күн сайын жеткілікті мөлшерде су болуы керек.

Алкогольді тұтыну COVID-19 вирусын өлтіре ме?

Алкогольді ішімдіктерді ішу вирусты жоймайды. Егер адам вирус жұқтырса, спиртті ішімдік ішу денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін. Алкоголь ( 60%-дан кем емес концентрацияда) теріңізге дезинфекция ретінде жұмыс істейді, бірақ оны ішкенде сізді емдеу рөлін атқармайды.

Коронавирусты заттардан жұқтыру мүмкін бе?

Адамдар вирус инфекциясы бар заттарға қол тигізіп, содан кейін көздерін, мұрнын немесе аузын ұстаса, COVID-19-ды жұқтырып алуы мүмкін.

Нәрестелерде коронавирус ауруы пайда болуы мүмкін бе?

Кез-келген жастағы адамдар вирусты жұқтыруы мүмкін, бірақ балалар арасында COVID-19 оқиғасы сирек кездеседі.

Коронавирус ауруы бар науқастарда әдеттегі дене температурасы қандай?

Адамның қалыпты температурасы сыртқы температура мен ауа-райына қарамастан, шамамен 36,5°, 37°C аралығында болады. Өзіңізді коронавирустан қорғаудың тиімді әдісі – қолыңызды алкоголь негізіндегі қол сүрткішпен, антисептикпен сүрту немесе сабынды сумен жуып тазарту.

Коронавирус жұқтырған адамның қандай симптомдары бар?

Бұл вирусқа байланысты, бірақ жиі кездесетін белгілерге қызу, жөтел, ентігу, тыныс алу қиындықтары және қол-аяқ ауруы кіреді. Неғұрлым ауыр жағдайларда инфекция пневмонияға, ауыр жедел респираторлық синдромға, бүйрек әлсіздігіне және тіпті өлімге соқтыруы мүмкін.

Коронавирус қалай таралады?

Жарияланған эпидемиология мен вирусология зерттеулерінің мәліметтері COVID-19 негізінен симптоматикалық адамдардың тыныс алуы арқылы, жұқтырған адамдармен тікелей байланыста болу арқылы немесе ластанған заттармен жанасу арқылы жұғатыны дәлелденді.

Коронавирус азық-түлік арқылы таралуы мүмкін бе?

Коронавирустар белгілі бір уақыт ішінде төмен және мұздатылған температурада өмір сүретіні дәлелденген. Дегенмен, тамақ гигиенасы мен тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне кепілдік берілсе, вирустың азық-түлік арқылы таралуынан сақтануға болды.

Коронавирус қауіпті ме?

Көптеген адамдар COVID-19 жұққанда, жеңіл ауырады, бірақ кейбір адамдар қатты ауыруы мүмкін. Сирек жағдайда ауру өлімге әкеледі. Егде жастағы адамдар мен бұрын медициналық ауру тарихы бар адамдарға (мысалы, жоғары қан қысымы, жүрек ауруы немесе қант диабеті) қауіп төндіруі мүмкін.

Коронавирустық аурудың қалпына келу уақыты қанша күн?

Қазірге дейінгі зерттелген мәліметтерді қолдана отырып, ауыр жағдайлардан басталғаннан клиникалық қалпына келуге дейінгі уақыт шамамен 2 аптадан 3-6 аптаға дейін жалғасады. Ауыр немесе орташа аурулары бар науқастар 3-6 аптада қалпына келуі мүмкін.

Коронавирутың өлім-жітім деңгейі қанша пайыз?

COVID-19-дың өлім-жітім деңгейі әр елде және әр айларда әртүрлі. Ең жоғары өлім-жітім деңгейі Италияда 14 пайыз, Қытайдың Ухань қаласында қаңтар айында 20 пайыздан асқан. Қазір Германияда 4 пайыз шамасында. Ал әлем бойынша орта есеппен 4 пайыз мөлшерінде. Дегенмен, бұл даталар әлі өзгеруі мүмкін, себебі бұл вирус жұқтырғандардың нақты санын қаншалықты дәлдікпен анықтауға байланысты. Расталған COVID-19 аурулары мен іс жүзінде індетті жұқтырғандардың айырмашылығы өлім-жітім мөшлерінің нәтижесіне әсер етеді.

Пандемия кезінде барлық жастағы адамдар үшін мүмкіндігінше белсенді болу өте маңызды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) белсенді болу компаниясы сізге дұрыс жаттығу жасауға және көңіл-күйіңізді көтеруге көмектеседі. Қамшы тілшісі ДДСҰ ресми сайтындағы пайдалы жаттығулар мен апқараттарды қазақ тіліне аударып ұсынады.

Пандемия уағында дұрыс тамақтану да өте маңызды. Коронавирус кезінде қандай тамақтар пайдалы екенін білгіңіз келсе, ДДСҰ-ның дұрыс тамақтану туралы нұсқауын оқыңыз.

Талғар Дәлелғазы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір