• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 20:35:59
Алматы
+12°

Пандемия кезінде барлық жастағы адамдар үшін мүмкіндігінше белсенді болу өте маңызды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) белсенді болу компаниясы сізге дұрыс жаттығу жасауға және көңіл-күйіңізді жақсартуға көмектеседі. Қамшы тілшісі ДДСҰ ресми сайтындағы пайдалы жаттығулар туралы апқараттарды қазақ тіліне аударып ұсынады.

Сіздің жас мөлшеріңізге қандай жаттығулар ұсынылады?

ДДCҰ-ның барлық жастағы адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсарту үшін не істеу керектігі туралы ұсынымдары:

1 жасқа дейінгі сәбилер

• Барлық нәрестелер күніне бірнеше рет физикалық белсенді болуы керек.

• Әлі қозғала алмайтын нәрестелерге ояу кезінде 30 минуттай уақыт еңбектеген күйінде, еденге негізделген ойындар ойнатқан жөн.

5 жасқа дейінгі балалар

• Барлық жас балалар күніне кемінде 180 минутты кез келген қарқында дене шынықтырудың әртүрлі түрлерімен айналысуға тиіс

• 3-4 жастағы балалар бұл уақыттың кем дегенде 60 минутын орташа қарқындылыққа және физикалық белсенділікке жұмсауы керек

5-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер

• Барлық балалар мен жасөспірімдер күніне 60 минуттан орташа және күшті физикалық белсенділікпен айналысуы керек

• Мұнда кем дегенде аптасына 3 күн бұлшықет пен сүйекті күшейтетін іс-шаралар болуы керек

• Күн сайын 60 минуттан артық дене шынықтырумен айналысу денсаулыққа қосымша пайда әкеледі

18 жастан асқан ересектер

• Барлық ересектер апта бойы кем дегенде 150 минут орташа қарқындылықпен немесе апта бойы 75 минуттан жоғары белсенділікпен айналысуы керек.

• Денсаулыққа қосымша артықшылықтар алу үшін ересектер орташа қарқындылықтағы физикалық белсенділікті аптасына 300 минутқа дейін немесе оған теңестіру керек.

• Қаңқабұлшық еттерінің денсаулығын дамыту және қолдау үшін бұлшықетті күшейтетін іс-шаралар аптасына 2 немесе одан да көп мәрте жасалуы керек.

• Сонымен қатар, қозғалысы нашар ересек адамдар баланысты сақтау жаттығуын жасауы керек. Бұл құлауға, жарақат алуға жол бермеу үшін пайдалы. Бұл жаттығулар аптасына 3 немесе одан да көп күн болып, физикалық белсенділікпен айналысуы керек. 

Айта кетейік, бұған дейін пандемия кезінде физикалық жаттығулардың пайдасы туралы ДДСҰ ресми сайтынан аударып жариялаған болатынбыз.

Ал COVID-19 туралы "көп су ішу коронавирусты емдеуге көмектесе ме?", "алкоголь COVID-19-ды емдей ме?" деген сияқты сауалдар үшін "коронавирус сұрақ-жауаптарын" оқуға кеңес береміз.

Пандемия уағында дұрыс тамақтану да өте маңызды. Коронавирус кезінде қандай тамақтар пайдалы екенін білгіңіз келсе, ДДСҰ-ның дұрыс тамақтану туралы нұсқауын оқыңыз.

Талғар Дәлелғазы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір