20 Шілде, 2020 NEWS

Әнші Ерлан Стамғазиев қайтыс болды

Фото: Жүргенов академиясының facebook парақшасынан алынды

ҚР Мәдениет қайраткері, дәстүрлі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Рамазан Стамғазиевтің інісі Ерлан Стамғазиев өмірден өтті. Бұл туралы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы хабарлады.

"Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры және ұжымы ұстаз, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, "Құрмет" орденінің иегері Рамазан Стамғазиевтің інісі, әнші, ҚР Мәдениет қайраткері Ерлан Өмірәліұлы Стамғазиевтің дүниеден озуына байланысты қазаға ортақтасып, отбасы, туған-туыстарына көңіл айтады. Марқұмның жатқан жері жайлы, иманы саламат болсын! Амал кітабы оң жағынан ашылсын, Алла алдынан жарылқасын!" делінген академияның facebook парақшасында жарияланған хабарламада.

Марқұмның деден қайтыс болғаны әзірге айтылмады.

Ерлан Стамғазиев 1970 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Көппияз ауылында туған.

1989 жылы Алматыдағы П.И.Чайковский атындағы музыка колледжін, 1995 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.

1998 жылдан Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясында әнші болып қызмет еткен.

Қамшы ұжымы марқұмның ағасы Рамазан Стамғазиев пен барша туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір