21 Шілде, 2020 NEWS
reuters
Алматыда зираттың екі қызметкері жерлеу жұмыстары үшін қосымша 70-80 мың теңге заңсыз талап еткен. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Полицияға 8 адам арызданып келген. Олардың айтуынша, зират қызметкерлері жерлеу жұмыстары үшін қосымша 70-80 мың теңге төлеуде талап еткен. Қабіршілер түбіртек бермеген. Ақшаны зират кәсіпорнының қызметкерлері заңсыз пайдаланғаны анықталды.
– Жақын адамдарынан айырылып, қайғы-қасіретке душар болғандар тек материалдық қана емес, моральдық тұрғыда да зардап шекті. Қабылданған шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері өз іс-әрекетін мойындаған екі тұрғынды анықтап, қамауға алды, – деді тергеушілер.
Қазіргі уақытта жәбірленушілер мен күдіктілердің қатысуымен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Осының нәтижесінде әрбір кінәлі адамның іс-әрекетіне жеке-жеке құқықтық баға беріледі. Сонымен қатар, жерлеу кезінде ақшаны заңсыз жинаудың алдын алу үшін басқа да жерлеу орындары тексеріледі.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір