21 Шілде, 2020 NEWS
Көрнекі сурет
21 шілде сағат 14.00-дегі жағдай бойынша 1 млн 169 мың адамға 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалды. Бұл туралы еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Төлем табысынан айырылған 1 млн 169 мың адамға тағайындалды. Ал 1 млн қазақстандыққа аталған қаражат аударылған.
Министрліктің хабарлауынша, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 1 миллион 567 мың өтінімнің ішінде:
– 755,8 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;
– 383,7 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;
– 117,3 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
– 310,3 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.
Азаматтардың санаттары бөлінісінде:
– 755,8 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);
– 71 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;
– 740,3 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).
Әлеуметтік төлемге өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір