22 Шілде, 2020 NEWS

ШҚО Абай ауданы Қарауыл ауылындағы су құбырының жұмысы қызу жүріп жатыр

Фото: ШҚО ақпарат орталығы

Cу – тіршілік көзі, өмірдің қуаты. Халқымыз «Судың да сұрауы бар» деп, таза ауызсудың адам өмірінде алар орнын, маңызын, қадір-қасиетін айшықтап кеткен.

Тіршілік нәрі адам баласының ең бір қажеттілігі. Халық үшін таза ауыз су мәселесін шешу, оны қолжетімді ету сергек сезімнің, парасатты зерделіліктің жемісі.

Адамзат баласына үш алыпты сый еткен ұлылар мекені Абай ауданы бүгінде еңбекқор жұртының мерейінің, басшысының айрықша ықыласының арқасында ерекше қарқынмен дамып, қанат жайып көркейіп келеді. Ауданның бүгінгі келбеті көңіліңіді сүйсіндіріп, көзіңді қуантпай қоймайтыны рас.

а

Адамзаттың біртуары ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында халық игілігіне айналарлық қыруар жобалар өз жалғасын табуда. Ақын мерейтойы қарсаңында ауданның бір жаңарып, бір жасарып қалғандығын айта кету ләзім. Жаңа нысандар салынып, халық үшін бос жұмыс орындары ашылды. Жобалардың ішіндегі маңыздысы, көңіл қуантарлығы – Абай ауданы Қарауыл ауылындағы су құбырын қайта жаңғырту жобасы.

 

 

Жұртының жыртығына жамау, жел жағына қорған боп жүрген ел тілегін арқалаған азамат, аймақ басшысы Д.К.Ахметов аудан орталығы Қарауыл ауылына келген сапарында халықтың тыныс-тіршілігін, хал-ахуалын жіті зерделей отырып, елдің ең бір сұраулы, қажетті мәселелерін  тамыршыдай тап басып жолға қойған болатын. Соның ішінде ауылішілік су құбырлары жүйесінің сонау 1976 жылы салынып, сол жылдардан бері жаңартылмай ескілігі жетіп, әбден тозуға айналғанын өз көзімен көріп осы бағыттағы жұмыстарды күн тәртібіне қойды.

 

Содан бері ауыл ішінде су құбырларын тарту бойынша жұмыс ақпан айында басталған. Мердігер «ВостокСтрой Групп» ЖШС өзіне артылған сенімді ақтау мақсатында жанкештілік танытып, жұмысты қызу қарқынмен жүргізуде. Ауыл іші толығымен су құбырлары жүйесін ауыстыру ошағына айналған. «Бітер істің басына, жақсы келер қасына» демекші, аудан тұрғындарының өмір сапасын арттыру, әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жолға қойылған жұмыстардың барысы көзіқарақты жұртшылықтың көңілінен шығуда. Су мәселесі қай кезде де өзекті. Сондықтан да су құбырларының толық жаңғыртылуына, таза ауыз суға қол жетуіне аз қалған ауыл тұрғындарының қуанышында шек жоқ.

 

Бүгінгі күні ауылішілік 44 км магистралдық желіден 33 км құбыр тартылып бітті. Тұрғын үйлерге тартылатын 42 км желінің 19 км тарту жұмыстары аяқталған. Екінші сатыдағы резервуардың, су мұнарасының жұмыстары жүргізілуде. Ұлттың қамы, сау ұрпақтың болашағына айналған су құбырларын жаңғырту жұмыстары биылғы қазан айында толық аяқталады деп күтілуде.

Ауданның дамуы, қанат жаюы бәрімізді қызықтырады. Ұлы даламыздың қай түпкірі болса да осылай гүлденіп, қарыштап дамып, көркейе берсе екен...

ШҚО ақпарат орталығы

 

asdfasdf asdfasdf

Бүгінгі күні ауылішілік 44 км магистралдық желіден 33 км құбыр тартылып бітті. Тұрғын үйлерге тартылатын 42 км желінің 19 км тарту жұмыстары аяқталған. Екінші сатыдағы резервуардың, су мұнарасының жұмыстары жүргізілуде. Ұлттың қамы, сау ұрпақтың болашағына айналған су құбырларын жаңғырту жұмыстары биылғы қазан айында толық аяқталады деп күтілуде.

Ауданның дамуы, қанат жаюы бәрімізді қызықтырады. Ұлы даламыздың қай түпкірі болса да осылай гүлденіп, қарыштап дамып, көркейе берсе екен...

ШҚО ақпарат орталығы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір