22 Шілде, 2020 NEWS
Суретте: Илон Маск
"Forbes Billionaire тізімінде Илон Масктың аққан жұлдыз жылдамдығындай жоғарылауы осы айда да жалғасын тапты" деп хабарлайды Forbes.com. Дүйсенбі күні түстен кейін Масктың байлығы 74 миллиард доллардан асып, Жер шарындағы бесінші бай адам атанған.
SpaceX және Tesla компанияларының бас директоры Илон Масктың акцияларының бағалары наурыз айынан бері көтеріліп келеді.
Қазіргі уақытта оның иелігіндегі Tesla әлемдегі ең қымбат автомобиль компаниясы ғана емес, оның нарықтық құны Ford, Ferrari, General Motors және BMW компаниларының барлығының жиынтығынан әлдеқайда жоғары. Электомобилдер және балама энергия көздерін шығаратын компанния 304,5 миллиард долларға бағаланған.
Осы жылдың наурызында Маск Forbes-тің миллиардерлер тізімінде 31-ші орында болатын. Ол кезде оның байлығын 25 миллиард долларға бағаланған.
"Масктың байлығы сол уақыттан бері үш есеге артып, дүйсенбі күні $ 74,2 млрд-қа шарықтады" дейді Forbes.
Бұған дейін Илон Масктың әлем бойынша жетінші бай адам болғаны хабарланған. Сонымен бірге тех-миллиардер Қытай экономикасы Америкадан екі-үш есе асып кететінін мәлімдеген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір