22 Шілде, 2020 Барлық аймақтар

Жаңа оқу жылында мұғалімдердің жалақысы өсе ме?

Көрнекі сурет

Жаңа оқу жылында қашықтан оқу барысында мұғалімдердің жүктемесі көбейеді, осыған байланысты олардың жалақысы өсе ме? Бұл сұраққа білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 21 шілдеде Instagram-дағы парақшасында жауап берді.

Оның айтуынша, биыл жалақы өспейді. Тек қаңтар айында мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өседі. Қыркүйек айынан бастап мұғалімдерге жаңа төлемдер төленеді. Нақты қандай төлемдер екенін министр ашып айтпады.

Биыл қазақстандық оқушылар жаңа оқу жылын қашықтан оқып бастайды. Ал екінші тоқсанға байланысты әзірге шешім қабылданбаған. 

Министр бәрі эпидемиологиялық ахуалға қарай шешілетінін атап өтті.

Биыл көктемде коронавирус індетінің таралуына байланысты қазақстандық оқушылар мен студенттер төртінші тоқсанда қашықтан оқыды. 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір