• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 16:45:58
Алматы
+12°

АҚШ Қытайға жұмада Техас штатындағы Хьюстондағы консулдығын жабуды бұйырды. Бұл туралы BBC хабарлады.

АҚШ Мемлекеттік департаменті бұл шешім "америкалық зияткерлік меншікті қорғау мақсатында" қабылданғанын айтты.

Бірақ Қытай СІМ-нің өкілі Ван Вэнбин бұл "ашулы және негізсіз" деп мәлімдеді.

Бұл мәлімдеме белгісіз біреулер ғимарат ауласындағы қоқыс жәшігіне қағаз жағып жатқаннан кейін пайда болды.

Әлеуметтік желілерде Хьюстондағы консулдықтың ауласында адамдар барабандарға қағаз жағып жатқаны туралы бейнероликтер тарады.

KPRC2 телеканалының хабарлауынша, жергілікті тұрғындардың қоңырауларынан кейін оқиға орнына жедел қызметтер келген, бірақ ғимаратқа кіре алмаған.

Хьюстондағы Қытай консулдығына жақын маңдағы ғимараттардағы куәгерлердің айтуынша, адамдар қоқыс қағаздарды өртеп жатқан.

Хьюстон өрт сөндіру бөлімінің бастығы Сэмюэл Пенан ABC телеарнасына: "Қытай консулдық мекемесінің ауласындағы контейнерде ашық түрде бірдеңе өртеп жатқан сияқты... бірақ бізге кіруге рұқсат бермеді... Біз бақылап отырамыз" деген.

Кейбір БАҚ-тар аты аталмаған шенеуніктің сөзіне сүйеніп, "консулдық қызметкерлері жұма күні жергілікті уақыт бойынша сағат 16-да ғимараттан шығарылады" деп мәлімдеген.

Хьюстондағы консулдық 1979 жылы ашылған және қытай қоғамдастығы көп жерде орналасқан. 

Өкілдік Техас, Оклахома, Луизиана, Арканзас, Миссисипи, Алабама, Джорджия, Флорида және Пуэрто-Рико секілді сегіз штаттың консулдық мәселелерін шешеді.

Біраз уақыттан бері АҚШ пен Қытай арасында шиеленіс күшейе түсті. Президент Дональд Трамптың әкімшілігі Бейжіңді сауда және коронавирустық пандемияға қатысты бірнеше рет айыптаған, сондай-ақ Қытай Гонконгқа қауіпсіздік туралы даулы жаңа заң қабылдады.

Содан кейін сейсенбіде АҚШ әділет министрлігі Қытайды "Ковид-19 вакциналарын жасайтын зертханаларға бағытталған хакерлерге демеушілік жасады" деп айыптап, АҚШ зерттеу компанияларына тыңшылық жасаған және басқа ұрлық үшін мемлекеттік агенттерден көмек алған екі Қытай азаматын айыптады.

Оған қоса, Трамп Қытайдың Шыңжаң провинциясындағы этникалық қазақтар мен ұйғырлардың қысымға ұшырауына қатысы бар 50-ге жуық қытайлық компанияға санкция салды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай АҚШ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір