• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:05:31
Алматы
+35°

Коронавирусқа байланысты әлем елдерінің статистикасын жариялап отыратын worldometers.info сайтының 23 шілдедегі дерегінше, дүниежүзінде COVID-19 жұқтырғандар саны 15,4 миллионға жуықтаған. Індеттен көз жұмғандар саны 630 мыңның үстінде. 

АҚШ өлім бойынша да, жұқтырғандар саны жөнінен де дүниежүзінде әлі алда тұр. Елде 4,1 миллионнан астам адамнан коронавирус табылған. Өлгендер саны 146 мыңның үстінде. Дүниежүзінде вирус жұқтырғандардың үштен бірге жуығы АҚШ үлесінде. 

АҚШ-тан кейінгі орында тұрған Бразилияда да індет өршіп тұр. Соңғы ақпарат бойынша, ел халқының бір пайыздан астамына (2 231 871) коронавирус жұққан. Осы уақытқа дейін олардың 82 890-ы көз жұмған. 

Жұқтырғандар саны жөнінен 7-орында тұрған Мексикада өлім көбейіп барады. Соңғы тәулікте елде 790 адам коронавирустан көз жұмып, өлгендердің жалпы саны 41 мыңнан асты. Бұл – дүниежүзі бойынша төртінші көрсеткіш. 

Соңғы күндері Филипинде де коронавирус өршіп тұр. Елде вирус жұқтырғандар 72 мыңнан асты. Бұл ел жұқтырған саны жөнінен алғашқы 30 елдің қатарында.

Коронавирус ошағы ретінде саналған Қытайда өткен тәулікте 22 адамнан COVID-19 табылды. 

 

 

 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір