• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 14:11:48
Алматы
+12°

Түркістан облысы Кентау қаласына қарасты Шорнақ ауылында болған төбелеске қатысты ресми мәлімдеме шықты. 

Әлеуметтік желі қолданушыларының пікірінше, қазақтар мен өзбектер арасында жанжал болып, соңы төбелеске ұласқан. 

Ал Түркістан облысы полиция департаменті оқиға 21 шілдеде сағат түнгі 01.00 шамасында болғанын және қақтығыстың этникалық сипаты жоқ екенін хабарлады. 

"Полицейлер жүргізген жедел-тергеу іс-шаралары бойынша ауыл көшелерінің бірінде ер адам мен ауылдасының арасында түсінбеушілік туындаған. Арада біраз уақыт өткен соң, жәбірленушінің үйіне бірнеше көлік келіп, оның үйі мен көршілерінің ауласына қарай тас лақтырып, төбелес басталған.

Салдарынан жәбірленушінің 3 туысы және Кентау қалалық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы жарақат алғаны анықталды. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде жедел уәкілдер 4 күдіктіні ұстады" делінген ресми мәлімдемеде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір