• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 05:54:51
Алматы
+35°

"Ресей Ұлыбритания армиясын тек жарты күнде жойып жіберуі мүмкін" дейді ағылшын сарапшылар. Бұл туралы Лондонда шығатын Daily Express басылымы хабарлады.

Басылымның жазуынша, 2017 жылы Ұлыбританияның әскери сараптама орталығы жасаған баяндамада осындай ақпараттар жарияланған. "Тарихи қақтығыстарды талдау және зерттеу орталығының" (CHACR) мәліметтері бойынша, ағылшын армиясы бірнеше жыл бойы әскери бюджеттің тұрақты түрде қысқартылуынан зардап шегіп отыр.

Екі күндік семинардан кейін жасалған бұл құжат Бірккен Корольдіктің Ресей шабуылына ұшырағанда салдары қалай болатынын сараптаған. 

"Бізге бөгде мемлекеттің тікелей шабуыл жасау қаупі төніп тұрған жоқ" деп жазылған құжатта, дегенмен Ұлыбританияға басқа ел шабуыл жасаған жағдайда, бірнеше ықтимал сценарийлер көрсетілген.

Газеттің жазуынша, 2014 жылы ресейлік артиллерия мен зымыран батареялары бірнеше минут ішінде украиналық екі батальонды жойып, күшін дәлелдеген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір