• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 14:57:08
Алматы
+35°

Президент Қ.Тоқаев Түркістан облысы Шорнақ ауылы мен Қарағанды облысы Сәтбаев қаласындағы оқиғаларға байланысты кеңес өткізді. Оған президент әкімшілігінің басшысы, Түркістан және Қарағанды облыстарының әкімдері, құқық қорғау органдарының басшылары қатысты. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

"Дер кезінде қабылданған шешімдердің арқасында Шорнақ ауылы мен Сәтбаев қаласындағы жағдай тұрақталды. Тәртіпсіздіктің қайталануына ешқандай себеп жоқ. Президент жағдайды бақылауда ұстап, жергілікті тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, ел ішіндегі тұрақтылықты бұзуға талпынған арандатушылардың алдын алуды, құқық бұзушыларды заң аясында жауапкершілікке тартуды тапсырды. Сонымен қатар ол аталған аймақтардағы халықтың ең басты әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктеріне назар аудару керек екенін айтты. Ал құқық қорғау органдарына кәмелет жасына толмаған қызды зорламақ болды деген күдікпен ұсталған Сәтбаев қаласының тұрғынына қатысты тергеу жұмыстарын жан-жақты жүргізіп, оның қорытындысы туралы жұртшылыққа нақты ақпарат беру туралы тапсырма берді" делінген Берік Уәлидің facebook-тағы жазбасында.

Кеше, Түркістан облысы Кентау қаласына қарасты Шорнақ ауылында ауыл тұрғындарының арасында төбелес болғаны хабарланды. Аталған жайт бойынша төрт адам ұсталып, олардың екеуі қамауға алынды.

Әлеуметтік желі қолданушылары төбелестің ұлтаралық сипаты бар екенін, жанжал қазақ-өзбек арасында болғанын айтса, желгілікті полиция департаменті таратқан хабарламада "Шорнақ ауылында тұрмыстық жанжал болды" делінген.

Ал 23 шілдеде кешкі сағат 9-да Сәтбаев қаласындағы ішкі істер басқармасына 5 жасар қыздың жоғалғаны туралы арыз түскен.  Жедел іздестіру нәтижесінде бүлдіршін қаладағы бір үйден табылды. Жас қызды зорлады деген күдікпен бір адам қамауға алынған.

Артынша, ұсталған азамат үйінің жанына бір топ адам жиналып, күдіктіні беруді талап еткен. Әкімдік осыған байланысты құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмылдырылғанын хабарлады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір