• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 18:39:47
Алматы
+35°

24 Шілде, 2020 NEWS

Трамп президенттіктен кетеді – Ресми мәлімдеме

АҚШ президенті Дональд Трамп Fox News радиосына сұхбат бергенде, қараша айында болатын президент сайлауының нәтижесін қабылдайтынын растамаған. АҚШ палата спикері бұл жағдайға байланысты Трамптың "сотталатынын" айтты.

Getty

АҚШ палата өкілі ресми мәлімдемесінде "Дональд Трамп қарашадағы сайлаудан жеңілсе, президенттіктен кетеді"  деп жариялады. Ал Трамп Fox News-қа сұхбат бергенде, сайлаудың әділдігіне күмән келтіретінін жеткізіп, соңғы нәтижені қабылдайтынын растамаған. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Палата спикері, демократ Нэнси Пелоси егер Трамп президенттік сайлауда жеңілген соң, қызметтен кетуден бас тартса, "сотталатынын" мәлімдеген. 

Бұған дейін Трамп Fox News радиосына сұхбат бергенде, қараша айындағы президент сайлауының соңғы нәтижесін қабылдайтыны, қабылдамайтыны жайындағы сұраққа жауап беруден бас тартқан болатын. 

– Бұл жағдайға байланысты пошта арқылы дауыс беру сайлауды бұзады деп ойлаймын. Мен шынымен де солай деп сенем, – деген АҚШ президенті.

– Сіз сайлау нәтижелерін қабылдамауды айтып отырсыз ба? – деп сұраған Fox News журналистіне "Жоқ. Мен көруім керек... Мен "иә" деп те, "жоқ" деп айтпаймын. Мен алдыңғы жолы да айтпағанмын" деп жауап берген Трамп. 

2016 жылғы президенттік сайлау алдында да Дональд Трамп жеңілісті қабылдау-қабылдамау туралы осылай жасаған.

Ал демократ Нэнси Пелоси "бұл факт, ол біле ме, жоқ па, бәрібір кетеді... Оның Ақ үйден кеткісі келмеуі мүмкін, бұл бізде АҚШ-тың лайықты сайланған президентін ұлықтауға арналған инаугурация рәсімі болмайды дегенді білдірмейді" деп мәлімдеген.

Демократтар атынан үміткер Джо Байденнің өкілі Эндрю Бейтс "Америка халқы бұл сайлауды шешеді" дейді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір