24 Шілде, 2020 NEWS
Getty
Бейжің-Вашингтон арасындағы жағдай ушығуып, Қытай оңтүстік-батыстағы Чэнду қаласында орналасқан АҚШ консулдығын жабуға бұйрық берді. Бұл туралы Қамшы тілшісі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Қытай бұл қадамды АҚШ-қа "қажетті жауап" деп атады, себебі сәрсенбіде Трамп әкімшілігі Қытайдың Хьюстондағы консулдығын 72 сағат ішінде жабуға бұйрық берген.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Вашингтонның шешімі Қытайдың зияткерлік меншікті "ұрлап жатқандығына" байланысты қабылданғанын мәлімдеген.
Бейжің бұл қадамды "саяси арандатушылық" деп атаған.
Бірақ Трамп Қытай консулдықтарының көбін жабуға бұйрық беретіні "әрқашан мүмкін" екенін мәлімдеген.
Біраз уақыттан бері АҚШ пен Қытай арасында шиеленіс күшейе түсті. Құрама Штаттар прокурорларының сотқа берген мәліметтері бойынша, Америкадағы қытай зерттеушілері визалық алаяқтығы үшін қамауға алынған. Вашингтон "визалық алаяқтық жасады және әскери байланыстарды жасырды" деп күдіктенген қытай ғалымы Сан-Францискодағы Қытай консулдығына қашып тығылғанын мәлімдеген.
Трамп әкімшілігі Бейжіңді сауда және коронавирустық пандемияға қатысты бірнеше рет айыптаған, сондай-ақ Қытай Гонконгқа қауіпсіздік туралы даулы жаңа заң қабылдады.
Ал Трамп Қытайдың Шыңжаң провинциясындағы этникалық қазақтар мен ұйғырлардың қысымға ұшырауына қатысы бар 50-ге жуық қытайлық компанияға санкция салды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір