25 Шілде, 2020 NEWS

Қазақстанда 80 мыңнан аса адамға COVID-19 жұқты

Көрнекі сурет

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 25 шілде таңертеңгі дерегі бойынша, өткен тәулікте елде 1740 адамнан коронавирус табылған. Ведомство олардың 816-сында аурудың клиникалық белгілері жоқ екенін хабарлады. 

Министрлік таратқан ақпаратқа қарағанда өткен тәулікте COVID-19 жұқтырғандар жөнінен Нұр-Сұлтан қаласы көш басында. Соңғы тәулікте ел астанасында 251 адамның КВИ жұқтырғаны анықталған. Ал елдің ең ірі қалаларының бірі Алматыда 220 адамнан инфекция табылған. 

Соңғы ресми ақпаратқа сай, елде наурыздан бері есептегенде 80 мыңнан аса адамға COVID-19 жұққан. Осы уақытқа дейін олардың 50 мыңға жуығы ауруынан жазылып шықты, 535-і көз жұмды.

Соңғы көрсеткішті есепке алғанда Қазақстан коронавирус жұқтырғандар саны жөнінен әлем елдерінің арасында 27-орында тұр. 

Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір