• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 20:21:26
Алматы
+12°

Қытай агрессиясымен күресу үшін Үндістан әскери-теңіз жаттығуларына Австралияны қатысуға шақырды, деп хабарлады Daily Mail.

Бейжің мен Нью-Дели арасындағы қарым-қатынас Гималай шекарасы бойындағы қанды қақтығыстардан кейін шиеленісе түсті. Галван алқабындағы қақтығыс кезінде кемінде 20 үнді әскери қызметкері қаза тапқан.

Енді Үндістан Австралияны Малабар әскери теңіз жаттығуларына қатысуға шақырып, коммунистік елге қарсы күрес жүргізуде.

АҚШ, Жапония және Үндістан қатысқан үшжақты әскери шара 1992 жылдан бері өткізіліп келеді.

Бейжің австралиялық әскери кемелер Бенгал шығанағы жаттығуына қатысқанына ашуланғаннан кейін Үндістан шақыруды кері қайтарып алған.

Бірақ қазір Қытайдың аймақта территориясын кеңейтуіне үрей тууда. Үнді-Тынық мұхиты елдері Бейжіңге қарсы тұру үшін одақтас іздеуде.

Австралияның жаттығуға қатысатыны әлі расталмағанымен, үндістандық бұқаралық ақпарат құралдары бұл уақыттың еншісінде дейді.

Канберраның ұсынысты ойластырып жатуы Бейжіңнің қитығына тиді. Қытайлық Глобал Таймс басылымы "бұл Бейжіңнің қауіпсіздігіне қатер төндіреді" деп мәлімдеген.

– Егер Австралия келесі Малабар жаттығуларына қосылса, бұл АҚШ, Жапония, Австралия және Үндістан арасындағы бейресми стратегиялық форум болмақ, төртжақты қауіпсіздік мүшелерінің әскери диалогы алғаш рет үйлестіріледі, – дейді қытайлық басылым.

Соңғы жылдары Канберра Үндістанның миллиардтан астам халқы бар тұтыну нарығына назар аударған және бұл бірлескен жаттығу келісімнің кепілі бола алады.

"Екі ел арасындағы тығыз сауда байланысы Австралияның тау-кен және ауылшаруашылық салалары үшін үлкен нәтиже әкелуі мүмкін" деп хабарлады MailOnline.

COVID-19 басталғаннан бастап, Австралия мен Қытайдың қарым-қатынасы нашарлап кетті және Австралия премьер-министрі Скотт Моррисон коронавирустың басталуы туралы тәуелсіз халықаралық зерттеу жүргізуге шақырған.

Бейжің оған жауап ретінде австралиялық бидай экспортына тарифтер енгізген және Канберраның ірі сиыр етін жеткізушілердің үшеуін қара тізімге енгізген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір