• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:44:08
Алматы
+35°

Алматыда жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз үйді жалға алу мемлекеттік бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды.

"30 маусымнан 3 шілде аралығында Алматы қалалық Тұрғын үй саясаты 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастардан «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында сатып алу құқығынсыз жалға үй беру бағытында құжат қабылдауды бастады" делінген хабарламада.

Өтінімдер мен құжаттар www.almaty-jastary.kz сайты арқылы беріледі. Сайттағы авторизация электронды қолтаңба арқылы жүргізіледі. Бұл бағдарлама бойынша баспана 5 жылға жалға беріледі.

Қазір Алатау ауданындағы 13-шағынауданда 1 бөлмелі пәтерлерден бесінші пул жасақталған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы Тұрғын үй

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір