• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 18:09:28
Алматы
+35°

Әлемде пандемия басталғалы бері Covid-19 инфекциясын жұқтырғандардың саны 16 млн адамнан асты. Бұл туралы Worldometer статистикалық порталы хабарлады.

Оның ішінде 9,8 млн-нан астамы індеттен айықты. Инфекциядан болған өлім-жітім көрсеткіші 645 мыңнан астам адамды құрады. 

Коронавирус жұқтыру көрсеткіші саны бойынша бірінші орында АҚШ (4,3 млн), одан кейін Бразилия (2,3 млн), Үндістан (1,4 млн) және Ресей (806 мың) тұр. Жаһанда коронавирустың белсенді жағдайларының саны 5,6 млн адамды құрайды.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: COVID-19 Пандемия

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір