• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:06:57
Алматы
+35°

Жазушы Смағұл Елубай өзіңе ғана емес, айналадағы адамдардың да денсаулығына бей-жай қарамау керек екенін атап өтті.

«Құрметті, алматылықтар! Қазір Алматы қаласындағы аты жаман індетке байланысты жағдай өте күрделі болып отыр. Сол күрделі жағдайды 17 күн ауруханада, мобильді орталық деген ауруханада жатып, өз көзіммен көріп, бастан кешкен адам ретінде пікір айтқымыз келіп отыр. Сол аурухана кереуетінде жатып, біз 17 күн бойы бір нәрсе ғана тіледік. Ол осы біздің басымыздан кешіп жатқан ахуалды адам басына бермегей деп тіледік және ең алдымен, жақындарымызға, балаларымызға, немерелерімізге осы нәрсені көрсетпегей деп тіледік.

Алматы қаласында бұл індетті жұқтыру деңгейі қазір өте жоғары, сондықтан да алматылықтардың той, басқосу, жаназа, содан кейін әсіресе, жастардың басқосуы тоқтамай тұр шынын айтқанда. Оны өз көзімізбен көрдік, ондай трагедияның шет жағасын көзбен көріп отырмыз.

Мінекей осындай жағдайда маска киіп жүру, адам көп жиналған жерге бармау, бара қалса ара қашықтықты сақтау, яғни, карантин тәртібін сақтау бәрімізге міндет дегіміз келеді. Оны сақтамау тек қана қасіретке алып келетінін көзбен көріп отырмыз. Аман болыңыздар, ағайын!», — деді С. Елубай.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір