• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 23:50:40
Алматы
+12°

Алматыда тамыздың аяғына дейін қосымша ковид стационарлары ашылады. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров мәлімдеді.

Осы аптада келесі нысандар қайта жасақтаудан өткен: «Қазақстан» санаторий – 250 орын, «Көктем» – 376 орын, «Самал» пансионаты – 140 орын, ҰОС мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь – 100 орынға қайта жасақталып, қолдануға берілетін болады. Спикер бұл жаңа стационарлардың қазір қызмет етіп жатқандарға қосымша ретінде ашылатынын атап өтті.

Сонымен бірге, алдағы уақытта мегаполисте 500 орынға арналған арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету Орталығы іске қосылады.

«Аталған орталық бірінші эшелондағы ковидті клиника ретінде қызмет етеді, ал ковидтен кейінгі кезеңде толыққанды көпсалалы стационар ретінде қызмет етеді. Қазір онда құрылыс жұмыстары аяқталуда, онымен қоса медициналық техника және қажетті мамандармен қамту мәселесі де қаралуда. Аталған нысанды қыркүйек айында ашу міндеті қойылған», — деп хабарлады К. Надыров.



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір