Ашық дереккөз
COVID-19 дың жеңіл түрімен ауырып, үйлеріне шығарылған науқастар қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты.
Әкім стационарларды қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселесіне түсініктеме берді.
«Егер пациент амбулаторлық емделуде болса немесе стационардан үйге емделуге шықса, онда біз оны толық көлемде қамтамасыз етуіміз керек. Қазір біз нақты керек тізім бойынша барлық клиникаларымызды, әрбір емханадағы қорларды есепке алдық (COVID-19 бен күрес аясында). Сонда науқас мемлекеттен бұл дәрі-дәрмектерді толық алуы керек. Бұл пациенттер біздің мобильді бригадалардың бақылауында», — деп атап өтті Б. Сағынтаев.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір