• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 17:41:40
Алматы
+35°

Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Жолан Омаров 41 жасында пневмониядан көз жұмды. Бұл туралы әкімдіктің ресми сайты хабарлады.

"Бүгін таңертең Талғар ауданының әкімі Жолан Омаров пневмониядан қайтыс болды" делінген хабарламада.

Жолан Ыбырайахынұлы 1979 жылы 7 шілдеде дүниеге келген. 

Оның артында жары мен 4 баласы қалды.

Талғар аудандық әкімдігі марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтады.

Бұған дейін қауіпті індеттен Қазақстан қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары – Әмірбек Төгісов, Қазақстанның президенттігіне үміткер болған – Жақсыбай Базылбаев, Ақтөбе қаласында инфекциялық аурухананың бас дәрігері – Қалихан Қозбағаров, Алматы облысы әкімінің орынбасары – Серікжан Бескемпіров, сонымен қатар Алматы облысының Бас мемлекеттік санитар дәрігері – Қайрат Баймұхамбет қайтыс болған.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір