• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:14:42
Алматы
+35°
Қазақстан халқы ассамблеясы 1995 жылы құрылған. Құрамында 394 мүше бар. Парламент Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған 9 депутат елдегі барлық этностар атынан өкілдік етеді. Қазақстан Жазушылар Одағы 1925 жылы құрылған. Құрамында 810 мүшесі бар. Парламентте Жазушылар Одағына мүше қанша депутат бар?
 
Саясат, идеалогияны қоя тұрып, арифметика тұрғысында қарасақ, Мәжілісте ҚХА-дағы 394-тің 9-ы отырса, ҚЖО-дағы 810-нан кемінде 18 депутат отыруы керек. Бұған қоса ҚЖО-ның 11 облыс пен елордадағы филиалдарының басшылары немесе өкілдері жергілікті облыстық, қалалық, тіпті аудандық мәслихаттарда бар ма? Жоқ болса неге? Не кедергі?
 
Мандаттар қағазбен бекітілмесе де, тәжірибеде қағидаға айналу керек деп ойламайсыздар ма?
 
"Елдің бүгіні мен болашағы жастардың қолында" деген ұрандар қай заманнан бері барлық елдерде айтылып жатады. Ақиқатында олай еш жерде, ешқашан болмаған, болмайды да! Мүлде! Сосын мемлекеттік істі тек экономистер мен заңгерлер, былайша айтқанда кәсіби мамандар ғана жүргізу аз. Тіпті олар дүниеде жоқ генийлер болса да. Идеологтар да қанша тырысқанымен аса ештеңе өзгермейді. Қысқасы істің басы-қасында идеалистер болмаса ештеңе өнбейді. Ал қалғандары тек орындаушылар.
 
Құрметті, ақын-жазушы, қаламгер ағалар, бауырлар!
Сіздер мемлекеттік саясаттан, мемлекеттік істен тыс қалған сайын, алыстаған сайын ұлттан, халықтан алыстайсыздар, уақыт пен ұрпақ алдындағы парыз, тәңірдің берген дарыны мен құдайдың берген қарымы алдындағы қарыздан алшақтайсыздар. Осыны түсіну керек! Өйткені қоғамға керек идеалистер деген – СІЗДЕР! Қазаққа керекті қазақтан басқа ешкім сырттан кеп істеп бермейді. Және қазаққа қазақтан басқаның жаны ашымайды. Ел ортақ, жер ортақ, мемлекет ортақ. Сондықтан бұларға қатысты жауапкершілік те - ортақ.
 
Жомарт Айтқазы
Facebook парақшасынан
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір