• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 19:49:56
Алматы
+35°

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Кеңшілік Әбділдинов коронавирус инфекциясынан қайтыс болды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

"Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Кеңшілік Әбділдинов өмірден озды. Алматы қалалық соты, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, басшылық және судьялар атынан оның отбасына және туысқандарына көңіл айтамыз" делінген хабарламада.

Кеңшілік Әбделдинов 1963 жылы 28 қазанда дүниеге келген. 1990 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

Ол 1992 жылы Әділет органдарында, 2000 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратында қызмет атқарған.

2003 жылы Алматы облыстық сотының судьясы, 2013 жылдан бастап Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы болды.

Ол қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты істі қараған.

Бұған дейін қауіпті індеттен Қазақстан қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары – Әмірбек Төгісов, Қазақстанның президенттігіне үміткер болған – Жақсыбай Базылбаев, Ақтөбе қаласында инфекциялық аурухананың бас дәрігері – Қалихан Қозбағаров, Алматы облысы әкімінің орынбасары – Серікжан Бескемпіров, сонымен қатар Алматы облысының Бас мемлекеттік санитар дәрігері – Қайрат Баймұхамбет қайтыс болған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір