• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 09:35:48
Алматы
+35°

Алматы облысы Кербұлақ ауданына 15 оттегі аппаратын сыйлаған жомарт жан өзінің есімін жасырын қалдыруды сұрады. Сондай-ақ, жақын арада тағы 5 аппарат жеткізілетін болады. Осымен ауруханаға қажеттілігі толығымен өтеледі.

– Аудандағы эпидахуал бүгінгі таңда, коронавирус инфекциясын жұқтырған 67 адам тіркелді. Оның 17-сі симптомды. Олар облыстық оперативті штаб бекіткен аймаққа ем қабылдауға жіберілді. Ал аудандық ауруханада 55 науқас пневмониядан емделуде, оның 5-і жан сақтау бөлімінде жатыр. Сондықтан оттегі концентраторы бізге өте қажет болатын. Құрылғының мүмкіндігі зор. Аталған аппараттарды бір тәулікте жеткізіп, көмек көрсеткен демеушіге аудан тұрғындары атынан және дәрігерлер атынан айтар алғысымыз шексіз. Енді дәрігерлер емделушілерге оттегі концентраторының көмегімен уақытылы жәрдем көрсете алады, – деді Орталық аудандық аурухананың директоры Қайрат Ержанов.

Аудандық ауруханада алғашында 35 провизорлық, 35 обсервациялық орын болған, қазір бұл 90 орынға дейін көбейтілді. Індетпен күреске 100-ге жуық медицина қызметкерлері жұмылдырылды. 

Айдар ҚАЛИЕВ

Алматы облысы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір