• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 02:36:05
Алматы
+35°
Қазір шағын ауданның мәселелері құрылыс жұмыстарымен тікелей байланысты. Ұшақтар елдімекені қала аумағында жақын ауылдардан келген тұрғындардың құрылыс салулары нәтижесінде 90-ы жылдары пайда болды. Су мен электр энергиясын пайдалану үшін тұрғындар өздері жасаған желілерді пайдалануда, айта кетерлігі ол қауыпсіз емес.
 
Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін қала әкімдігі елдімекенде су желісін салу туралы шешім қабылдады. Жоба тұрғындарға қала басшылығымен кездесу кезінде таныстырылған болатын. Жобаға сәйкес су желісінің жалпы ұзындығы 40,2 км құрайтын болады. Жұмыстар 2018 жылдың қазанында басталды. Орындаушы - "Востокстройгрупп" ЖШС. Бүгінгі күнде жұмыстың 80% жүзеге асырылды. Жұмысты аяқтау ағымдағы жылдың желтоқсан айына жоспарланған.
 
Дегенмен ТҚШ бөлімінің басшысы Амантай Утельбаевтың айтуынша елдімекеннің тұрғындары күздің басында сумен қамтыла бастайды.
 
Энергиямен қамту мәселесі шешілуде. Кварталішілік электр желілерін құрастыру жобасымен "ТПЭП" ЖШС айналысуда. Келісім-шартқа сәйкес жұмыстар өткен жылдың 13 желтоқсанында аяқталуы тиіс болған. Жобаның уақытылы тапсырылмауы себебінен  қалалық әкімшілік атынан мердігерді мемлекеттік сатып алуда тиімсіз қатысушы деп тану туралы талап жіберілді.
 
Көктемде сот шешімі шығып мердігерге арнайы жаза тағайындалды. Объектіні аяқтау үшін №13 тұйық көшеден РП-ға дейін кабельді орнату, СИП жөндеу және есептеу құралдарын орнату жұмыстары қалды. 5 тамыз күні кабель өнімдері келеді деп күтүлуде.  Жалпы жұмысты биыл 28 тамызға дейін аяқтау жоспарлануда.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ШҚО

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір