• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 08:51:21
Алматы
+35°

Малайзияның экс-премьері Наджиб Разакқа сот жемқорлық жасады, мемлекеттік инфестициялық қор қаржысын жымқырды деген айыппен 12 жылға түрмеге қамау туралы үкім шығарды, деп жазады holanews.

Наджиб Разакқа коррупция, қызметін асыра пайдалану, 1MDB қорының көмегімен ақша жымқыру дерегі бойынша 42 айып тағылып отыр. Оған 49,3 миллион доллар айыппұл төлеуге міндеттелді.

Экс-шенеунік аппеляциялық шағым қаралып жатқанда уақытша бостандықта болады. Ол үлкен сомада кепіл ақша төлеп, екі аптада бір рет полицияға белгіленіп тұруға тиіс.

Тергеу барысында анықталған дерекке сәйкес, айыпталушы қор қаржысын үкімет мүшелерін сатып алуға, өзінің астыртын қорларын қаржыландыруға, қымбат бұйымдар, картиналар, жылжымайтын мүлік сатып алуға жұмсаған.

АҚШ билігі айыпталушы инвестициялық қордан 4,5 миллиард долларды яхта, өнер бұйымдары мен люкс санаттағы жылжымайтын мүлік сатып алуға құртқан деп жобалайды.

Ал экс-шенеуніңктің өзі тағылған айыптаудың барлығын терістеп отыр. Сөзінше, ешқандай заңсыз операция туралы білмейді.

Наджиб Разактың қызы Данияр Назарбаевқа тұрмысқа шыққан. Данияр Назарбаев Қазақстан экс-президентінің інісі Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиеваның ұлы.

Наджиб Разак Reuters-ке берген сұхбатында үйін тінту кезінде табылған 300 қорап қымбат бұйымдар мен сөмкелер өздеріне сыйлыққа берілгенін, оның көбін күйеу баласы Данияр Назарбаев сыйлағанын айтқан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір