• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:40:55
+35°

Коронавирусқа байланысты әлем елдерінің статистикасын жариялап отыратын Worldometers.info сайтының 30 шілдедегі дерегінше, дүниежүзінде 17,1 миллионнан астам адамға Covid-19 инфекциясы жұққан. Осы уақытқа дейін олардың 670 мыңнан астамы көз жұмды. 

Жұқтырғандардың да, өлгендердің де төрттен бірі АҚШ азаматтары. Елде 4,5 миллионнан астам адамға вирус жұғып, олардың 154 мыңға жуығы қайтыс болған. 

Жұқтырғандар саны жөнінен екінші орында тұрған Бразилияда 2,5 миллионнан астам адамнан инфекция табылды. Ал Үндістанда 1,5 миллион адам вирус жұқтырған. Қалған елдерде вирус жұқтырғандар саны миллионға жеткен жоқ. 

408 мыңнан астам халқынан Covid-19 табылған Мексикада адам өлімі көбейді. Бұл елде вирус жұқтырғандардың 10 пайыздан астамы (45 361 адам) қайтыс болған. Мексика өлім көрсеткіші бойынша әлемде төртінші орында тұр. Соңғы тәулікте елде 485 адам коронавирустан көз жұмған. 

Қазақстан вирус жұқтырғандар саны жөнінен 26-орында. Елде соңғы тәулікте 1472 адамнан коронавирус табылды. Жұқтырғандардың жалпы саны – 87 664.  

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір