31 Шілде, 2020 NEWS

КВИ. Өткен туәлікте 1414 адамнан вирус табылды

Көрнекі сурет

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі өткен тәуліктегі эпидемиологиялық жағдайды жариялады.

Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте 1414 адамнан КВИ анықталған. Оның ішінде 627 адамда вирустың клиникалық белгілері байқалмаған.

Сондай-ақ 1702 адам жазылып шыққан.

Қазақстанда вирус жұқтырғандардың жалпы саны 89 078-ге жетті. Осы уақытқа дейін 59 517 адам індеттен айықса, 793 адам қайтыс болған.

Worldometers сайтының дерегінше, Қазақстан вирус жұқтырғандар саны жөнінен әлемде 27-орында келеді. Тізімнің басында – АҚШ, екінші сатыда Бразилия, үшінші сатыда Үндістан тұр.

Әлем бойынша 17 млн 474 мың 691 адамнан КВИ анықталған. Оның 10 млн 937 мың 771-і жазылып шыққан. 676 мың 759 адам өлген.

 
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір