• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:47:25
Алматы
+35°

Мамырдың соңында Халықаралық ғарыш станциясына(ХҒС) жеткен АҚШ ғарышкерлері Даг Херли мен Боб Бейнкен Жерге бүгін оралмақ.

NASA тікелей эфирде ғарышкерлердің сапарды бастау үшін ғарыш станциясынан "Dragon Endeavor" капсуласын шығарған сәтін көрсетті.

Екі ғарышкер жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша 14: 40-та (Алматы уақыты бүгін түнгі 00:40) кейін Флорида жағалауына түседі деп күтілуде.

Барлығы сәтті болса, Америка ғарышкерлерді орбитаға жеткізу және кері қайтаруды толқытай тәуелсіз іске асыратын құралдарға ие болғанын білдіреді.

Айта кетейік, 30 мамырда NASA және SpaceX компаниясы екі ғарышкерді Халықаралық ғарыш станциясына жіберген. Ол күн "Америкалық ғарыштық бағдарламаның жаңа дәуірі басталған күн" деп сипатталған. Өйткені NASA ғарышкерлері АҚШ топырағында 2011 жылдан бері ғарышқа ұшпаған. 2011 жылдан бастап олар ғарышқа Байқоңырдан ұшып келген.

Ұшырылым сәтті болғаннан кейін, ғарыш кемесінің Қазақстаннан өткен сәтінің видеосын жариялаған болатынбыз.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: NASA Жерге

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір