• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 14:29:07
Алматы
+12°

Грек-рим күресiнен Мәскеу олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстан күрес федерациясы хабарлады.

"Грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек ерi, "Барыс", "Құрмет" "Парасат" ордендерінің иегері Жақсылық Әмiрәлiұлы Үшкемпiров ағамыз бақилық болды.

Батыр ағамыздың Мәскеу Олимпиадасындағы ерлігiне биыл 40 жыл болып еді...

Марқұмның барлық туған-туыстарына, отбасына, жора-жолдастарына, барша Қазақстан күресiнiң жанкүйерлеріне қайғырып көңіл айтамыз!

Ағамыздың жаны жанатта болғай!!!" делінген федерацияның инстаграм парақшасында жарияланған ақпараттық хабарламада.

Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы Тегістік ауылында дүниеге келген.
 
Ол КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақ КСР еркін күрес бойынша чемпионы, Әлем чемпионы (1981), Әлем кубогының күміс жүлдегері (1980), Кеңес одағы біріншілігінің екі дүркін жеңімпазы (1975, 1980), Олимпиада чемпионы болған.
 
Қамшы порталының редакциясы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жақсылық Үшкемпіров

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір