• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 21:12:52
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуді міндеттеді. Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасында жазды.

"Денсаулық сақтау министрлігі мен барлық медициналық мекемелердің басты міндеті – өлім-жітім деңгейін ең төменгі шекке дейін түсіру. Үкімет азаматтардың карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті. Онсыз пандемияға қарсы күресте жеңіске жету мүмкін емес" делінген жазбада.
 
Сонымен қатар мемлекет басшысы пандемияның бүкіл әлемде өршіп тұрғанын айтты.
 
"Бүкіл әлемде пандемия өршіп тұр. Ол Қазақстанды да айналып өтпеді. Індет жүздеген еңбеккер мен зейнеткерді, қарттар мен жастарды, атақты азаматтарымыз бен қарапайым адамдарды арамыздан алып кетіп жатыр" деп жазды президент.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Тоқаев президент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір