• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 21:53:49
Алматы
+35°

Елде қоғамға пайдасын тигіземін дейтін еріктілердің қатары артып келеді. Еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі қайырымдылық ұйымы жұмыс істейді. Солардың бірі Алматы облысы Талғар аудандық жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған "Volunteens Club" еріктілер тобы. 

Топ мүшелері 100 еріктіден тұрады. Шынар Әбілдаева жетекшілік ететін бұл топ талғарлықтардың алғысына бөленуде.  Олар "Біз Біргеміз!"  жобасы аясында 50 көп балалы отбасына азық-түлік себеттерін таратуға үлес қосты. Грант сомасы 500 000 теңге. Грант беруші "Зеленая экономика" Қоғамдық Қоры, "Coca-Cola Белестерi" жобасы. Сонымен қатар, "Халық" қайырымдылық қорының демеушілігімен берілген  COVID-19 пандемиясын кезіндегі Талғар ауданының 341 көпбалалы отбасына жалпы сомасы 4 миллион 867 мың теңгеге азық-түлік себеттерін аудан еріктілері таратты. "Birgemiz: Taza Alem" жалпыұлттық жобасын жүзеге асыру барысында "Экоэволюция" экологиялық жобасы  іске асырылуда. Аудан жастары І топтағы мүмкіндігі шектеулі азамат Бақдәулет Әмірхановтың отасына қаражат жинауды қол алған еді. Нәтижесінде 1 миллион 13 мың теңге қаражат жиналып, Бақдаулеттің отбасына тапсырылды. Интракраниальды гипотензия диагнозы анықталған науқас Нұрсұлтан Оразбекке 285 мың  теңге қаржылай көмек көрсетті. Елде жарияланған  пандемия уақытында  жастар ресурстық орталығының жетекшісі З. Қалымбетова бастаған волонтерлер тобы ауданға қарасты 1 қала және 10 ауылдық округіндегі аз қамтылған, көпбалалы 519 отбасыға  азық-түлік себеттерімен көмек көрсетті. Сонымен қатар, 3500 дана (көп реттік)  маска тігіліп, қарт кісілер,  тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар мен   және мұқтаж жандарға үлестірілді.

Еріктілер мұнымен тоқтап қалмайды. Әлі де талай игі іс жасайтыны айқын. Ең бастысы, елі үшін туған жандар барлық жақсылық атаулыны туған жеріне деген сүйіспеншілікпен, шынайы жүректен істейді.

Айдар ҚАЛИЕВ

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір