• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 06:14:03
Алматы
+35°

Алматы облыстық Б. Римова атындағы драма театры ұжымы бір отбасын баспаналы болу бақытына кенелтіп, пәтер алып берді.

Театрдың қолдауымен 2013 жылдан бері "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне" қайырымдылық мақсатта салым салынып отырыпты. Бүгінде қордағы қаражатқа "Айналайын" балалар үйінің тәрбиеленушісі Васькина Надежда Владимировнаға баспана алу бақыты бұйырды.

"Айналайын" балалар үйінде тәрбиеленген Надежда Васькина бүгінде Сәкен есімді жұбайынан Асқардай ұл сүйіп отырған қазақ шаңырағының келіні. Бақытты жар, ардақты ана. Баспаналы болған отбасы зор қуанышқа бөлеген театр ұжымына арнайы келіп алғысын айтты.

 Айдар ҚАЛИЕВ

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Баспана Балалар үйі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір